Олар марқұмдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқанын айрықша атап өтіп, отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.
18:00, 27 Тамыз 2021
Ермекбаев пен Сапарбаев жарылыс салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына барды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы жарылыс салдарынан қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілердің отбасыларына барып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.