Эрмитаж Ренуардың картинасын 90 млн. еуроға сақтандырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік Эрмитаж Пьер Огюст Ренуардың «Мулен де ла Галетт балы» картинасын сақтандыру қызметтеріне 9 млн. 850 мың рубль жұмсауға әзір. Картина 16 наурыз бен 17 шілде аралығында өтетін «Эрмитаждағы әлем мұражайларының жауһарлары» уақытша көрмесінде көрсетіледі.

Келісім-шарттың жоғары бағасы - 9 850 000 рубль. Егер сақтандыру жағдайы бола қалған кезде орындаушы Париждегі Д'Орсэ мұражайына 90 млн. еуро төлеуге тиіс.

«Мулен де ла Галетт балы» картинасын француз импрессионисі Огюст Ренуар 1876 жылы салған. Қазір бұл картина Д'Орсэ мұражайында сақтаулы тұр. 1990 жылы ол Нью-йорктегі Sotheby's бәссаудасында 78 млн. долларға сатылған болатын. Содан бері ол бәссауда тарихындағы ең қымбат картинаның бірі болып саналады.