Эрмитаждан 190-нан астам жәдігерлік жоғалған

МӘСКЕУ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда «Мемлекеттік Эрмитаж» мұражайынан ұрланған 191 жәдігерліктің ізі табылмай тұр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Бұл туралы РФ Прокуратурасы жанындағы Тергеу комитетінің БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінен хабарланды. Мемлекеттік Эрмитаж коллекциясынан заттардың ұрлануы туралы қылмыстық іс бойынша тергеу шараларының барысында жалпы көлемі 143 млн. рубльдің жәдігерліктері қолды болғаны анықталды. Қылмыстық іс қозғауға Эрмитаждың орыс мәдениеті тарихы бөліміндегі бағалы металлдар мен тастар қорының коллекциясына жоспарлы есеп жүргізу қорытындысы себеп болды.