Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев елші қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды», делінген хабарламада.

Ермұхамет Қабидинұлы 1956 жылы 19 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттікуниверситетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Жұмыстәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалықинститутында ассистент болып бастаған. Советәскері қатарында әскери қызмет өтеді. Ломоносов атындағы ММУ-демашықтанушы-оқытушы болды, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған.Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болды.

Бірнеше монография менжүздеген ғылыми және публицистикалық мақаланыңавторы. 1990-1994 жылдары – ҚРЖоғары Кеңесінің депутаты.

1994-1998 жылдары - ҚазақстанныңСоциалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы. 1994-1998 жылдары -Қазақстан Республикасы Президентініңкеңесшісі. 1998-2000 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеуинститутының директоры. 2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөліммеңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002 жылы Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің кеңесшісі. 2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚРМәдениет, ақпарат және спорт министрі. 2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет жәнеақпарат министрі. 2008 жылы мамыр айынанҚазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттіксаясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.

2013-2017 жылдары ҚР-ның ГрузиядағыТөтенше және Өкілетті елшісі болды.

2017жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше жәнеӨкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі болыптағайындалды.

«Құрмет», «Парасат»» және ІІІ дәрежелі «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина)ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.