Ернар Баспаев Президент көмекшісі болып тағайындалды
09:05, 13 Сәуір 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ернар Баспаев Президент көмекшісі әрі Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын» делінген Президент жарлығында.