Ернар Баспаев Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды
17:09, 25 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ернар Жеңісұлы Баспаев лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылған болатын.