Ернар Мейірханов СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментке бастық болып тағайындалды

Фото: СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ернар Мейірханов Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарады.

Ернар Сәрсенбайұлы 1982 жылы туған, Талдықорған қаласының тумасы.

2003 жылы Алматы жоғары әскери училищесін тәмамдады. Әскери қызметті Қапшағай қаласы әскери бөлімінің десанттық-шабуылдау взводының командирі қызметінен бастады.

Әр жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент штабының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

Осы тағайындауға дейін ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері қызметін атқарды.

Бұған дейін Талғат Сәбиев СҚО бойынша экология департаментіне басшы болғанын жазған едік.