ОРАЛ. KAZINFORM – Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығына сәйкес полиция полковнигі Ернар Сұлтанғалиев Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жаңа лауазымына дейін Ернар Сұлтанғалиев осы департаментте жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы болған.
Ернар Сұлтанғалиев ішкі істер органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Осы салада бірнеше басшылық қызметті атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО полиция департаментінің кадрлық құрамында өзгерістер болғанын жазған едік.
Сонымен қатар, бүгін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).