Ернар Жаңәділ АХҚО әкімшілігін басқарады

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана» халықаралық қаржы орталығының Директорлар кеңесі АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы қызметіне Ернар Жаңаділді бекітті. 12 тамызда ол өз міндеттеріне кіріседі, деп хабарлайды Kazinform орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: aifc.kz

Ернар Жанаділ 17 жылдан астам уақыт стратегиялық және бизнес-жоспарлау, бизнесті дамыту және инвестициялар саласында жұмыс істеді. Бұған дейін «Самұрық-Қазына», «Qazaq Green Power plc» қорында жұмыс істеген.

Колумбия бизнес мектебінде EMBA бағдарламасын оқыған, Колумбия университетінде (АҚШ) және Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) білім алған.

Бұған дейін Манчестер бизнес мектебінде (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған. Бірнеше халықаралық кәсіби сертификаттары бар: CMA – Басқарушы бухгалтерлер институты (АҚШ), IPMA – халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы (Швейцария), ACCA – айрықша құқықты бухгалтерлер қауымдастығы (Ұлыбритания).