АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Ернұр Мырзахмет қоссайыс қорытындысы бойынша 304 (142 162) келіні еңсерді. Осылайша ол қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді Мохамед Абдельради (Мысыр) иеленді — 318 (143 175) келі. Екінші орынға Абдулрауф Халифа (Ливия) жайғасты — 305 (137 168) келі.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшылардың жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күніндегі нәтижесі туралы жазғанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Еңбек жолын Baribar.kz порталында бастаған. Түрлі басылымда қызмет еткен. 2025 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы қызметін атқарады.