АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 82 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаров екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол екінші белдесуінде Конго балуанын қапы қалдырып, үшінші кезеңге жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, Ерсұлтан Мұзафаров бірінші айналымда Монғолиядан келген Даваабата Тсогбаатара есімді балуанды жарыс жолынан тайдырған болатын.
Елодада өтіп жатқан әлем біріншілігінде 55 келі салмақта ел намысын Марат Нығматуллаев қорғайтын болса, 60 келі салмақта Қуаныш Ысқақов белдеседі. 66 келі салмақта Қасымхан Төленбай боз кілемге шықса, 74 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахманов белдеседі. 82 келі салмақта Ерсұлтан Мұзафаровқа үміт артсақ, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев күрес алаңына шығатын болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.