«Біз жоба бойынша жұмысқа келесі жылы кірісеміз, - дейді Үкіметтің Үшінші саммитінен соң бас директор Хусейн Насер Лута. - Қазір жоба қажетті қаражат толығымен дайын».
2014 жылы жарияланған жоба бойынша «Аладдин-Сити» үш мұнаралы болмақ. Ғимарат аумағында коммерциялық және қонақ үй алаңдары орналасады. Бір қызығы, мұнаралар су үстінде салынбақ. Жалпы көлемі 110 000 шаршы метрді құрайтын мұнаралардың ең биігі - 34 қабатпен тең болса, қалғаны екеуі 25 және 26 қабат болмақ.
Жобаның жалпы құны әзірге құпия сақталып отыр. Дегенмен, «Аладдин-Сити» салынып болған соң ЭНЕСКО-ның бүкіләлемдік жәдігерлер тізіміне енгізу жоспарланып отыр.