Айта кетейік, аталмыш байқау бұдан бұрын тамыз айының 24-і күні жарияланған болатын. Конкурсқа қатысушылардың өтініштері қазанның 10-ы күні аяқталды. Жалпы, байқауға Қазақстан аумағында тұратын кез келген азаматтың қатысуға мүмкіндігі болды. Ал үздік шығармаларды таңдау осы айдың 10-14-і аралығында жүргізілді.
Байқаудың әділқазылар алқасы елімізге танымал 8 әнші-композиторлардан құралды. Ал қазылар алқасын «7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ президенті Анатөлі Құлназаров басқарған болатын.