Ертең «Алматы» радиотелевизия стансасында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» радиотелевизия станциясында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазтелерадио» АҚ таратқан мәліметке сәйкес, 2 наурыз сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін «Алматы» (Көк-Төбе) радиотелевизия стансасында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда қоғамның call орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады:

8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)

+7(727) 2 581 500

abonent@otautv.kz