АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала қонақтары мен тұрғындарын ертең тауға бармауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«7 маусымда Алматы тауларында найзағай ойнауы мүмкін. Сонымен қатар оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады. Сондықтан тауға бармауды және 112 ескерту дабылдарын, БАҚ, теледидар, радио хабарламаларын қадағалауды сұраймыз»,- делінеді ТЖД хабарламасында.
Еске салайық, бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында жайлы метеорологиялық жағдай сақталып, тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларында күн райы бұзылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.