Ертең Алматыда «balbulaq.kz», «economika-qun.kz» және «kazmunai.kz атты қазақтілді үш интернет-сайттың ашылу рәсімі өтеді

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 7 қыркүйекте Алматыда «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамының қолдауымен әзірленген «balbulaq.kz»,

«economika-qun.kz» және «kazmunai.kz атты қазақтілді үш интернет-сайттың ашылу рәсімін өткізеді, деп хабарлады «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қорының баспасөз қызметі

Жаңа сайттарды жұртшылық назарына таныстыру рәсіміне «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қорының директоры Азат Шәуеев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Баспасөз хатшысы Ғалым Тұмабаев, «ҚҰН К» ЖШС директоры Серікбек Жанболат, «Абай-ақпарат» қазақ Интернет кеңістігін дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Дәурен Қуат, «Назар» Қазақ журналистерінің Қоғамдық қорының PR-менеджері Жандос Смайыловң қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Фурманова көшесі, 122, Ұлттық баспасөз-клубы.

Іс-шараның басталуы: 11.00.