Оны А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана ұйымдастырып отыр. Бұл шараға Қонаев қорының директоры Ж.Асанбаева, Қонаев мұражайының директоры Б.Батталханов, М.Әуезов мұражайының директоры Д.Қонаев, «Алматыкітап» баспасының вице-президенті Б.Баратқызы, ақындардан М. Шаханов пен Р.Ниязбеков қонақ ретінде шақырылып отыр.
«Кештің мақсаты - қазақ халқының ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы, туып-өскен, білім алған, қызмет еткен жерлері туралы жастарға мағлұмат беру. Оларды тұлғаның өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халықты сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шара барысында Дінмұхамед Ахметұлының тұтынған заттары, кілемше-суреті, еңбектері, естеліктер, фото-альбомдар көрсетіледі»,- дейді А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залының меңгерушісі Ләйла Сәбитқызы.