Веломарш қатысушылары қызғылт ленталармен жүретін болады - бұл қылтамақты жеңудің халықаралық символы. Веломарш бүкіл қала арқылы өтіп, Орталық стадионда аяқталмақ.
Жыл сайын Қазақстанда түрлі онкологиялық аурулармен 500-ден астам бала ауырады екен. Олардың жартысынан азы ғана толық өмірге қайтарылады. Өлімге аппарып соғу негізінен қылтамақтың асқынған түрлері барысында болады. Мұндай дертке ұшыраған балалар арнайы күтім мен қамқорлықты қажет етуде.
2011 жылғы наурыздан бастап «Салауатты Азия» қоры ақшалай қаражаттарды тарта отырып, алғашқы балалар хосписін ашуға дайындалған. Қазан айының соңында кішкентай ауру балаларға арналған осы үй өз есігін ашып, оларға өзінің қамқорлығы мен махаббатын сыйламақ.
Ұйымдастырушылар «Мен сенімен біргемін!» атты веломаршы Қазақстанда алғашқы балалар хосписінің ашылуына әр адам үлес қосып, қылтамақпен ауыратын барлық балаларды қолдауға мүмкіндік береді деген ойда.
Сонымен қатар веломарш шеңберінде барлық қатысушыларға алғашқы балалар хосписіне қайырымдылық жәрдем көрсетуге мүмкіндік беріледі.