Ертең Алматыда және Алматы облысында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап Талдықорған қаласының үш ауданында әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінпен хабарлағандай, жәрмеңкелер өз жұмысын сағат 08:00-де бастайды, бүгін сауда шатырлары орнатылады.

Осындай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, сондай-ақ Алматы және Қапшағай қалаларында да өткізіледі. Алматы қаласында олар Алтынсарин-Шаляпин көшелерінің қиылысында, «Қазақфильм» (№17  үйдің жанында), «Құлагер», «Жұлдыз», «Алмалы», «Медеу» шағынаудандарында және Райымбек-Емцов көшелерінің қиылысында өтеді. Қапшағайдағы жәрмеңкелер «Алға» базары мен 1-ші шағынауданда ұйымдастырылады.