Бүгін осыған орай федерация басшылары арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақстан оны жарыс қожайыны ретінде биыл қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енгізген болатын.
«Допты хоккей Халықаралық Олимпиада ойындары комитетінің лицензиясын алғанымен бағдарламаға әлі енген жоқ. Азия ойындарында ертең Медеу мұз айдынында басталатын жарыс оның 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуіне жасалған алғашқы қадам болмақ», - дейді ҚР Допты хоккей федерациясының Бас хатшысы Владимир Савченко.