Ертең Алматының бірқатар шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең Алматының бірқатар шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады. Бұл туралы «Алматы су» холдингі баспасөз қызметі хабарлады.

Уақытша қолайсыздықтар жаңа су құбырын магистральды желіге жалғау жұмыстарына байланысты туындамақ.

«Таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейінгі аралықта 4-шағын аудандағы №1-8 үйлерге, 5-шағын аудандағы №1-39 үйлерге, №154 балабақшаға, «Знайка» жекеменшік бақшасына, 8-шағын аудандағы № 134, 37, 39, 41, 42, 45, 46, 55, 55-А, 56, 57, 58, 58-А, 72, 72-А, 74, 77, 76, 78, 78, 78-А, 83, №119 мектеп-лицейіне, №116 мектепке, №39 бөбекжайға, «Балдырған» бақшасына су беру уақытша тоқтатылады. Білім беру нысандарына су сырттан жеткізіледі.

Айта кету керек, бүгін де бірнеше апатты жағдайдың орын алуына байланысты Достық шағын ауданы, Сәдуақасов Қарағанды - Қарғалы Школьная көшелерінің шаршысындағы ондаған үй сусыз отыр. Апат кешкі 17:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

Соңғы жаңалықтар