«Стадиондағы ауа температурасы12 градус жылы болады. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін бар күшімізді салып ойнаймыз. Асхат Тағыберген, Аним Ибраим, Патрик Твумаси сияқты мықты ойыншылардың жоғына қарамастан, маусымның соңы екеніне қарамастан, командадағы көңіл күй жақсы»,-деді матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Астана» командасының ойыншысы Азат Нұрғалиев.
Азат Нұрғалиевтің өзі болса, алған жарақатынан кейін әбден жазылып, ертең барын салып ойын көрсетуге дайын. Спортшының айтуынша, АПОЭЛ «Астанаға» таныс топ, сондықтан, қонақтарды жеңуге болады.
«Астана» командасы В тобында соңғы орында тұрса да, УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалына шығатындай үміті бар. Ол үшін «Астана» командасы АПОЭЛ-ді жеңім, «Олимпиакос» командасының «Янг Бойз» командасынан жеңілуін тілеу.
«Астана»-АПОЭЛ арасындағы матч 24 қараша күні, кешкі 22.00-де басталады. Ойын «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойынды «Қазақстан» арнасының тікелей эфирінен де тамашалауға болады.