Форумның барлық шаралары «Ехро-орталық «Көрме» көрме кешенінде өтеді.
Форумның бағдарламасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Қ.Б. Саудабаевтың қатысуымен Қазақстанның азаматтық қоғам институттары көшбасшыларының салтанатты мәжілісі, білім беру - пікір-талас секциялары, әлеуметтік блок министрлерінің форум делегаттарымен кездесулері, «Таным» сыйлығын тапсыру рәсімі, мерекелік концерт бар.
Форумның өткізілуі - Қазақстандағы басты демократиялық дәстүрлерінің бірі. Аталған Форум мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың басты диалог алаңы, үшінші сектордың өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.
Дәстүр бойынша Форум екі жылда бір рет өтеді.
Бірінші Азаматтық форум 2003 жылы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өтті. Ол үкіметтік емес сектордың саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғамның институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жүйелі тетігі қалыптасуының бастауы болды.
2005 жылы Елбасының қатысуымен бизнес-қауымдастықтардың еліміздің қоғамдық өміріне қатысуына тартуға мүмкіндік берген екінші Азаматтық форум өтті.
2007 жылы үшінші Азаматтық форум өтті, орталық мемлекеттік органдар басшылары өз қызметтерінің негізгі бағыттары жөнінде азаматтық қоғам өкілдерінің алдында есеп беруін енгізуі оның ерекше белгісі болды.
IV Азаматтық форум Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының қарсанында өткізілді және қазақстандық ҮЕҰ-ның жетістіктерін көрсетуге, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның дамыған деңгейі туралы халықаралық қоғамдастықты хабардар етуге бағытталған болатын.
V Азаматтық форум тәуелсіздіктің 20 жылында «үшінші сектордың» дамуының қорытындысын шығарады, оның кезекті кезеңге дамуының перспективаларын анықтайды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы міндеттерінің орындалуын бағалауы форумның басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Форумға қатысушылардың саны 700 адамнан асады.
Форум қатысуларының құрамында - өңірлік форумдарда сайланған облыстардың, Астана және Алматы қалаларының делегаттары, саяси партиялардың, кәсіби одақтардың, БАҚ, халықаралық және шетелдік ҮЕҰ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері.
Бүгінгі күні форумға қатысуға Ұлыбритания, Канада, Қырғызстан және АҚШ-тан 7 шетелдік ҮЕҰ өкілдері ниет білдірді.
Форум қатысушыларына Армения, Беларус, Венгрия, Дания, Израиль, Италия, Қырғызстан, Польша, Түркия, Швейцария, Германия, Чехия елдерінің 15 шетелдік үкіметтік емес ұйымдары құттықтауларын жолдады.
2011 жылдың 6 қазанында:
- форум ұйымдастырушылары мен қатысушылардың баспасөз-мәслихаты (10.30 - 11.30);
- «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау», «Әлеуметтік жаңартудың ақпараттық-коммуникациялау жүйесін енгізу, ақпаратқа қол жетімділік», «ҮЕҰ-дағы салық салу», «Қоғамдық мониторингтің тетіктері», «Медиация», «ҮЕҰ қызметтерінің этикалық кодексі», «Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетудегі ҮЕҰ-ның рөлі», «Экстремизмнің алдын алуға ҮЕҰ-ның қатысуы мен рөлі» білім беру-пікірсайыс секциялары (11.30-12.30);
- делегаттар топтарының әлеуметтік блоктағы министрліктерге сапары (11.30-12.30);
- әлеуметтік блоктағы министрлердің Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыстары туралы көпшілік алдындағы есептері (14.30-15.40);
- «Қазақстанда волонтерлік мәдениетті дамыту»; «Жергілікті өзін-өзі басқару және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін модернизациялау»; «Салалық мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіру»; «Азаматтық қоғам ұйымдарының экологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау және сақтаудағы рөлі мен қатысуы»; «Жергілікті қауымдастық қорларын және корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті дамыту»; «ҮЕҰ институттарын дамыту: ҮЕҰ қызметінің құқықтық алаңын және стандарттарын жетілдіру»; «Азаматтық қатысу, қоғамдық және сарапшылық мониторингтау пен бағалау»; «Атқарушы және өкілді билік жанындағы консультативті-кеңестік органдарды дамыту» диалог алаңдарының жұмысын (16.00-17.00) өткізу мәселелері қаралады.
7 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Б. Саудабаевтың қатысуымен V Азаматтық форумның пленарлық мәжілісі (11.00-12.00) және «Таным»-«Признание» сыйлығының дәстүрлі марапаттау салтанаты (17.00-18.30) өтеді.
Форум қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысымен азаматтық қоғамды дамыту жөнінде бұдан әрі тиімді жұмыс жасау үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленетін болады.
V Азаматтық форумның ұсынымдары азаматтық қоғамды дамытудың нақты негізі және азаматтық бастамаларды іске асыру үрдісінде басты құжаты болмақ.
Сондықтан да V Азаматтық форум - 2011 жылғы еліміздің өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі.