қаладағы халықты құлақтандыратын барлық дабыл қағу жүйелері іске қосылады.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, елордалықтарға бұл дабылдан дүрлігудің қажеті жоқ. Себебі бұл штабтық жаттығулар болады.
"Адамдар дабылды әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бірі білсе, бірі білмейді, дабыл қағылғанда бұқаралық ақпарат құралдарын (теледидар, радио) қосу керек. Төтенше жағдай болған кезде дабыл қағылады, ал БАҚ-тар арқылы біз халыққа нұсқаулықтар мен ақпараттар беріп, не істеу керектігін айтамыз. Бұл жолы біз жоспарлы жаттығу өтіп жатқандығы туралы ақпарат қана береміз", - деп атап өтті Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Бибігүл Есмағамбетова.
Жаттығулардың өзі ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божконың қатысуымен сағат 15.00-де өтетін болады.
«Оның барысында медициналық қызметтің, сауда және тамақтандыру қызметінің, өртке қарсы қызметтің, радиациялық-химиялық қорғаныс қызметі мен оның құрылымына кіретін бақылау және зертханалық қадағалау мекемелері желісінің тартылуымен жинақтау эвакуациялық пункттерінің жаттығуы өтеді», - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.