Ертең Астана журналистері кәсіби мерекелеріне орай шағын футболдан күш сынасады

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Астанада 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай журналистер арасында шағын футболдан турнир өтеді.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының командасы қатысатын аяқдоп додасы 20 маусым күні (басталуы сағат 9.00-да) С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің спорт кешенінде өтеді. Ұйымдастырушы -  Қазақстан журналистер Одағы Астана қалалық филиалы.

Еске салайық, 2011 жылғы қазан айының соңында ҚР Президенті Н.Назарбаев кәсіби және өзге де мерекелердің жаңа тізімін бекітті. Оған сәйкес, бұған дейін маусым айының соңғы жексенбісі атап өтіліп келген байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні 28 маусымға белгіленді.