— 2026 жылғы 24 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар ертең Солтүстік Қазақстан облысында минус 30 градусқа дейін қатты аяз болады. Сондықтан 1-11 (кейбір жағдайда 12) сынып оқушыларына сабақ болмайды, яғни оқушылар онлайн форматта білім алады.
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері 40 градус аяз болатынын мәлімдеген еді.