Ертең Астанада әскерге шақырылғандарды шығарып салу салтанаты өтеді

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 18 қазан күні таңертеңгі сағат 11.00-де Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінің маңында әскерге шақырылғандарды шығарып салу салтанаты өтеді.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Хабарланғандай, жастарды мерзімдік қызметтерін өтеу орындарына замандастары мен туысқандары ғана емес, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштердің ардагерлері, Қарулы Күштердің генералдары, ауған-жауынгерлері, студенттер, жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері шығарып салады.

Іс-шара барысында десантшылардың көрсетілімдері өтеді.