Жәрмеңкеге білікті мамандарды қажет ететін кәсіпорындардың өкілдері қатысады. Оның барысында жұмыс берушінің жұмысшы алдына қойып отырған талаптарымен және жұмыс жағдайымен танысуға мүмкіндік болады.
Деректер қорында 355 жұмыс беруші ұсынып отырған барлығы 1207 бос жұмыс орындары бар. Жәрмеңкеге қатысу үшін алдын ала өз өтінімдерін қаладағы 56 жұмыс беруші берді, соның 20-сы білім беру мекемелері.
Жұмыс іздеп келген әрбір азамат бос жұмыс орындары туралы деректер базасымен, кәсіби оқыту курстары жүргізілетін мамандықтардың тізімімен танысып, ақылы қоғамдық жұмыстарды таңдау мүмкіндігін алады.
Онымен бірге, жәрмеңкеге еңбек заңнамасы мәселелері, тұрғын үй жәрдемақыларын алу, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмектерді тағайындау бойынша кеңес беретін құзырлы органдар қатысатын болады.