Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада ертең бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райына байланысты қашықтан оқу туралы шешім қабылданды.

– 2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0 - 4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 22 қаңтар күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысындағы республикалық маңызы бар үш автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

ТЖД Алматы облысының жүргізушілеріне ескерту жасады.