Ертең елордада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«2024 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін ауа райына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған болатынбыз.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.