Ертең Астанада бұршақ жауады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 шілде күні Астана және Ақмола облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

23 шілде күні түнде және таңертең Астанаға тұман түседі. Күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының кейбір аумақтарына түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жел алдымен солтүстіктен, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Дауыл тұру қаупі - 90-95%.

Бұған дейін Ақтөбе облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар