Аталмыш тексеру жоспарлы болып табылады және ай сайын жүргізілетін болады, деп хабарлайды Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электр дабылдары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (Хабар, Қазақстан, Еуразия бірінші арнасы, Астана, КТК, НТК теледидарларын; Астана FM, Шалқар, Ретро FM, Авторадио, Қазақ радиоларын) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек. «Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады», делінген хабарламада.