Ертең Астанада Гарвард университеті Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің оқытушысы БАҚ-қа қатысты бірқатар түйіткілдерді көтермек

None
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Ертең, қыркүйектің 14-і күні «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Гарвард университеті Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің оқытушысы Мими Тенниссон Госспен кездесу өтеді

Кездесуді ұйымдастырушылар «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі мен «Нұр Отан» партиясы.

Семинар барысында көтерілетін тақырыптар: қоғамда ақпараттардың еркін таралуының артықшылықтары: журналистер диалогқа қалай қолғабыс ете алады; билік пен азаматтардың арасындағы диалогты дамытуда журналистердің рөлі; лауазымды тұлғалармен және қоғаммен жұмыс барысында сенімді арттыруға септігін тигізетін журналистік стандарттар: ақпараттарды жинау, этика; қиын жағдайларда мақалаларды жазуға көмек бола алатын медиа-стратегиялар; сөз бостандығы мен БАҚ еркіндігінің ерекшеліктері.

Ph.D докторы, Мими Теннисон Госстың бұрынғы кәсібі - журналист, қазіргі уақытта коммуникация саласында консультант, масс-медиамен жұмыс бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің оқытушысы болып істейді. Ол 20 жыл бойы Құрама Штаттарда және өзге де елдерде мемлекеттік қызметкерлерге, іскерлік орта өкілдеріне, сондай-ақ кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына тренингтер өткізіп келеді.