Ертең Астанада «Гофман ертегілері» операсының премьерасы болады

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең, 25 ақпанда Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында Эрнст Теодор Амадей Гофманның новелласының желісі бойынша Ж. Барбьенің либрретосына жазылған Жак Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсының премьерасы болады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Қоюшы режиссері - Беларусь Респубикасы Ұлттық академиялық опера және балет театрының бас режиссері Михаил Панджовидзе, қоюшы дирижері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы суретші - Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайреткері, Новосібір опера және балет театрының бас суретшісі Игорь Гриневич.


Басты партияларда Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші опера солистері.