Ертең Астанада Ми-17 тікұшағының апатқа ұшырау себептері жарияланатын болады

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 12 қыркүйек күні астаналық авиабаза аумағында ҚР Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру нәтижелеріне арналған конференция өтеді.

Бұл туралы Қазақстан Қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Естеңізге сала кетейік, 2012 жылғы 22 тамызда таңғы сағат 8-дер шамасында Астана әуежайының маңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан төрт адамнан тұратын экипаж қаза тапты.