Ертең Астанада оқушылар мен студенттер онлайн оқиды
22:03, 16 Сәуір 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат –Ауа райының нашарлауына байланысты ертең елордада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары үйден оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген қалалық Білім басқармасының мәліметінде.
Еске салайық, 15 сәуірден бері елордада оқтын-оқтын қарлы боран соғып тұр. Коммуналдық техникалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осы сәтте қаладан шығатын бірқатар трасса жабық тұр.