Ертең Астанада «Стратегия-2050 - Қазақстандық жол» форумы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астанада Назарбаев Университетінде «Стратегия-2050 - Қазақстандық жол» республикалық форумы өтеді, деп хабарлады «Қазақстан саясаткерлерінің конгресі» республикалық қоғамдық ұйымынан.

Форумда 2014 жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ ғылыми пішіндер талқыланады.

Шараға Қазақстанның барлық аймағынан 100 делегат: ұстаздар, сарапшылар, саясаттанушылар, Президент Әкімшілігінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясының жетекшілері мен меморган қызметкерлері қатысады.