Аталмыш шараға Денсаулық сақтау министрлігі мен кәсіби қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, бірыңғай дистрибьютерлер мен Ұлттық медициналық холдингтердің, мемлекеттік медициналық мекемелер мен медициналық және фармацевтика саласындағы ұжымдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының аймақтық өкілдіктерінің қызметкерлері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Жиында денсаулық сақтау саласында қалыптасқан жағдай мен оны оңалтудағы фармацевтиканың атқаратын рөлі мен оны дамыту мәселелері сөз болады деп күтілуде.