Ертең Астанаға Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало ресми сапармен келеді

Фото: Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді.

- Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады, - деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.