Осымен байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел көтеріледі. Таңертең және түнгі уақытта жекелеген жерлерде тұман болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілмеме жасап хабарлады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, түнде Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында құмды дауыл болады.
Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең жекелеген жерлерде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Қызылорда облысының кей аумақтарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде күн қатты ысиды деп күтілуде.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады.