Ертең ? Бауырлас қалалардың бүкілдүниежүзілік күні

АСТАНА. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат - Ертең – Бауырлас қалалардың бүкілдүниежүзілік күні. Бұл атаулы күн Бауырлас қалалардың бүкілдүниежүзілік федерациясының шешімімен жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келеді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен.Ал 1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды. 2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді.Қазақстанның елордасы ? Астана әлемнің 12 қаласымен бауырлас, олардың арасында ? Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалары бар.