Ертең «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансысына «Прогресс М-04 М» ғарыштық жүк кемесі ұшырылады

БАЙҚОҢЫР. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Ертең «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансысы бағдарламасы бойынша «Прогресс М-04 М» ғарыштық жүк кемесі ұшырылады.

Ресейғарыш баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу алдындағы жұмыстар кесте бойынша өтуде. Ғарыш айлағының 112-ші алаңында ғарыштық мақсаттағы зымыранды жалпы құрастыру жүргізілді. Кешке жұмыс жоспарына сәйкес зымыран ұшу кешеніне шығару және орнату аяқталды.

«Прогресс М-04 М» ғарыштық жүк кемесі бар «Союз-У» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшыру ғарыш айлағының №1 алаңынан ақпанның 3-інде Астана уақыты бойынша 9 сағат 45 минөтке жоспарланған.