Ертең Байқоңырдан «Союз ТМА-18» кемесі ұшырылады
12:25, 01 Сәуір 2010
АЙҚОҢЫР. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Байқоңырда «Союз ТМА-118» кемесін ұшырудың дайындық жұмыстары аяқталып келеді.
Жаңа ғана Ғарышкерлерді дайындау орталығының «Космонавт» оқу-жаттығу кешенінде мемлекеттік комиссия «Союз ТМА-18» ғарыш кемесінің негізгі экипажын ұшу сапарына бекітті.
Мемлекеттік комиссия мүшелерінің шешімі негізінде ертең, сәуірдің 2-сінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансысына ресейлік ғарышкерлер: кеме командирі Александр Скворцов пен бортинженер Михаил Корниенко, сондай-ақ американдық астронавт, бортинженер Трейси Колдвелл-Дайсон аттанады.
«Союз ТМА-18» кемесі ертең, сәуірдің 2-сінде Астана уақыты бойынша сағат 11.04-те ұшырылады.