Ертең бірқатар өңірде қатты жел соғып, бұршақ-жауын жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

31 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан, жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

31 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Сол күні Петропавл қаласында найзағай жарқылдайды, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтммал.

31 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.