30 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал.
Сол күні Қостанай қаласында найзағай жарқылдайды, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде қатты нөсер жаууы мүмкін.
30 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Сол күні түнде және таңертең Шымкент қаласында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан қаласында ертең кей уақыттарда шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с күшті жел тұрады.
30 тамызда Ақтөбе облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Сол күні Ақтөбе қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с жетеді.
30 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Сол күні таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз шаңды дауыл тұрады.