Ертең бірнеше өңірде мектеп оқушылары үйден оқиды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты 13 қаңтар күні бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ақтау қаласында мектепалды даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі.

Абай облысының Аяғөз, Бесқарай, Ақсуат аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сыныптары онлайнға көшіріледі. Сондай-ақ Семей қаласы мен Үржар ауданында 1-9 сынып оқушылары, Абай ауданының 1-4 сынып оқушылары үйден оқиды. Қалған аудандарда сабақ штаттық форматта өтеді.
Жамбыл облысының мектептерінде де білім беру қашықтан өткізіледі.

Қарағанды қаласындабірінші және екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларының сабағы қашықтан оқуға көшіріледі. Білім бөлімінің ақпаратына сүйенсек, ата-аналар ауа райының қолайсыздығына байланысты және мектептің қашықтығын ескере отырып, баланың мектепке бару-бармауы туралы шешімді өз бетінше қабылдай алады. Ол жөнінде сынып жетекшісіне ескертуі қажет.

Еске салайық, «Қазгидромет» РМК 13 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты 10 өңірде ескерту жариялаған болатын.