Осыған орай, бүгін ҚР Әуесқой бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев елордаға арнайы шақырылған кубалық боксшылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесудің негізгі мақсаты - Қазақстанда боксты өркендету, оның құрылымдық жүйесін қалпына келтіру, отандық бапкерлерді дайындау және қызығушылық танытатындай жаңа спорт орталықтарын ашу, сондай-ақ шетел спорт шеберлерімен тәжірибе алмасу болып табылады.
Оған Қазақстандағы Кубаның Төтенше және Өкілетті елшісі Абелардо Эрнандес Феррер, Куба бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Сагарра Карон Алсидес, 3 мәрте Олимпиада ойындарының жеңімпазы, бокстан 5 мәрте әлем чемпионы Савон Фавре Феликс, 3 мәрте Олимпиада жеңімпазы, 3 мәрте әлем чемпионы Стивенсон Лоуренс Теофило Франсиско және Гавана бокс федерациясының президенті Ейчасабаль Перез Мануель Леонардо қатысты.