Оны 1986 жылы Дэвид және Элизабат Эмануэлдердің дизайнерлік дуэті жобалап, пішіп, тіккен екен. Арада 25 жылдан астам уақыт өткенде принцессаның сүйікті көйлегі 130 мың долларға сатылады деген болжам бар. Бірақ қымбат тастармен безендірілген лоттың құны бұдан да асып кетуі ғажап емес, деп жазады rosbalt.ru.
Диананың киімдері алғаш рет саудаға түсіп отырған жоқ. Оның Джон Траволтамен Ақ үйде вальс билегенде киген көйлегі жақында 390 мың долларға өтті.
18:35, 02 Желтоқсан 2013
Ертең Диана ханшаның көйлегі бәссаудаға шығарылады
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең «Керри Тэйлор» аукционында Диана ханшаның ең романтикалық және «ертегі» көйлегі сатылатын болды.