Ертең - Донорлардың дүниежүзілік күні

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Ертең - Донорлардың дүниежүзілік күні. 2005 жылы Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-ші сессиясында (WHA58.13 қарарымен) бекітілген бұл атаулы күн жыл сайын маусымның 14-інде өткізіледі.

Донор латынша «donare» - «сыйлау» деген мағына білдіреді.

1868 жылы дәл осы күні австриялық дәрігер, иммунолог Карл Ландштейнер туған. Ол 1930 жылы адам қаны топтарын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған атақты ғалым.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай федерациясы, Халықаралық қан өткізушілер ұйымдары федерациясы және Халықаралық қан құю жөніндегі қоғам 14 маусымды Донорлардың дүниежүзілік күні ретінде атап өту және бұл күні ерікті әрі тегін қан тапсыру туралы бастама көтерген.