Әлемнің көптеген елдерінде қазанның екінші жұмасында Дүниежүзілік жұмыртқа күні (World Egg Day) атап өтіледі. Бұл мейрам - жұмыртқаны, омлетті және қуырылған жұмыртқаны жақсы көретіндердің мейрамы. Мейрамның тарихы мынандай: 1996 жылғы Венадағы Халықаралық жұмыртқа комиссиясы (International Egg Commission) дүниежүзілік «жұмыртқа» мейрамын қазанның екінші жұмасында өткізілуін жариялады. Комиссияның айтуынша көптеген елдерде жұмыртқа күнін тойлаудың көптеген себептері бар, әсіресе жұмыртқа өнімін өндіретін ұйымдар мейрамды тойлауға дайын екенін айтты.
Соңғы оңжылдықта жұмыртқа туралы көптеген жағымсыз пікірлер айтылды, соңғы ғылым зерттеулері бойынша жұмыртқаны пайдаланудан қашпау керек. Оның ішінде көптеген ағзаға пайдалы заттар, витаминдер мен минералдар бар, антиоксиданттар кейбір ауруларға көмектеседі. Жұмыртқа холестерин деңгейін көтермейді. Сондықтан да, күніне бір жұмыртқа жеуге әбден болады.
08:20, 07 Қазан 2010
Ертең - Дүниежүзілік жұмыртқа күні
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Ертең - Дүниежүзілік жұмыртқа күні.